Жүнісова Сәулеш Өзімханқызы Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі №6 гимназия Семей қаласы 2016 жыл наурыз


Жүнісова Сәулеш Өзімханқызы

Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі

№6 гимназия    Семей қаласы

2016 жыл наурызIMG_0408 (Копировать) IMG_0373 (Копировать) IMG_0353 (Копировать) IMG_0335 (Копировать) IMG_0334 (Копировать) IMG_0332 (Копировать) IMG_0325 (Копировать) IMG_0256 (Копировать) IMG_0239 (Копировать) IMG_0235 (Копировать) IMG_0232 (Копировать) IMG_0228 (Копировать) IMG_0220 (Копировать) IMG_0216 (Копировать)

 

Тілім менің –тірлігімнің айғағы

Көктемнің шуақты күндерінің бірінде қасиетті Абай,Шәкәрім,Мұхтар мекендеген өңірде  дүркіреген өңірлік семинар өтті. Семинар «Оқыту қазақ тілді емес мектептердің 1-11-сыныптарына арналған «Қазақ тілі» пәнінің деңгейлік оқулықтары мен оқу-әдістемелік кешендерін апробациядан өткізу барысы туралы». Семинарды ҚР Білім және ғылым министрлігі Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы,Шығыс Білім департаменті және Семей қаласының білім департаменті қызметкерлері ұйымдастырды. Семинарға жауапты модератор ҚР БҒМ Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы қазақ тілі мен әдебиеті білім зертханасының меңгерушісі Рахымжанов Қайыржан Алдашұлы ашты. Семинарға Қазақстанның түпкір-түпкірінен тіл жанашырлары,мұғалімдер қауымының өкілдері қатысты.Семинардың салтанатты ашылуына қала әкімінің орынбасары Надежда Шарова қатысып, баяндамасын  мемлекттік тілде жасады. Семей қаласы Білім бөлімінің бастығы Фесенко Н.А ,қалалық  білім бөлімінің әдіскерлері Нұргүл Сайлауқызы, Айнұр Серғалиқызы  қатысты. Семинарға қатысқан ұстаздар «Көкжиек-Горизонт» баспасынан  шыққан жаңа үлгідегі қазақ тілі оқулықтарының авторлары Райгүл Сәдуақасқызы Рахметова,  Айтжамал    Кенжеғалиқызы    Рауандинамен жүздесті .Тіл жанашырлары келешекте өзге ұлт өкілдерінің мемлекеттік тілді жетік игерулері үшін жаңа үлгідегі оқулықтарды  құрастырып шығарды.

1-4    «Тілашар»

5-6 -7    «Бойтұмар»

8 -9      «Тілорда»

10-11  «Алдаспан»   деп аталады.

Қазіргі уақытта бұл оқулықтар тәжірибеден өтуде. №6 гимназия тәжірибеалаңы ретінде таңдап алынды. Оқулықтар осы оқу жылының басынан бастап қолданылуда.

Екі күндік семинар барысында қыруар жұмыс атқарылды. Келген қонақтар өздерінің ой-пікірлерімен бөлісіп, баяндамалар тыңдалып,ашық сабақтар,шеберлік сыныптар өткізілді.

Біздің гимназияның қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Шөкенов Ерболат Слямбекұлы баяндама жасады. Баяндамасы  мазмұны жағынан тартымды болды.

Келесі кезекте аталған гимназияның қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі  Жүнісова Сәулеш Өзімханқызы  шеберлік сыныбын өткізіп,пікір алмасып,ойларын ортаға салды.Шеберлік сыныпқа қатысқан оқулық авторлары А.Қ.Рауандина,Р.С.Рахметова алғыстарын білдіріп ұстазға шығармашылық жетістіктер тіледі.Сонау Маңғыстау өңірінен келген мектеп директоры Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің үздігі, Ы. Алтынсарин төсбелгісінің иегері Жания Төлеубайқызы Қарамұрзаева эксперт  ретінде шеберлік сыныпқа қатысып С.Ө. Жүнісоваға      шығармашылық табыс тіледі. Біз №6 гимназия  ұжымы  қазақ тілі оқулығының сапасына жоғары баға бере отырып семинар ұйымдастырушы Рахымжанов Қайыржан Алдашұлына,оқулық авторларына бұрын соңды болмаған(бұрынғы оқулықтар осылай апробациядан өткенде,негізінде мұғалімдердің көзқарастары ескерілмейтін) семинар өткізгендеріне ризашылығымызды білдіріп, үлкен шыңдардан көріне беріңіздер деп тілегімізді білдіреміз.