Үштілділік- заман талабы


22 қыркүйек-Тілдер мерекесіне орай № 6 гимназияда «Үштілділік- заман талабы» атты тілдер апталығы өтуде. Апталық он күнге жоспарланды. Апталық аясында 27 қыркүйек күні 5-сынып оқушылары  арасында «Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ» сайысы өтті. Ұйымдастырушы: қазақ тілі пәнінің мұғалімдері Мұқашева А.Н., Шынтемір М.Д.Сайыс барысында оқушылар мақал- мәтелдермен жарысып, жұмбақ шешіп, мақалды үш тілде айта білді. Ұйымдастырылған сайысқа Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Алжанова  Назигуль Толеугожақызы, қазақ тілі бірлестігінің жетекшісі Шакенова Ардақ Рахымқызы қатысты. Сайыста сөз шеберлігімен  бас жүлдені 5 «В» сынып оқушысы Алтынқан Дәния, 1-орын   5 «Б»   сынып оқушысы Оралов Алинур, 2-орын 5 «А» сынып оқушысы Оспанова Айшабибі және 3-орын 5 «Б» сынып оқушысы Айдынқызы Ажар жеңіп алды. Қатысқан оқушылар алғыс хаттармен марапатталды.

img_1773 img-20160927-wa0010