Қазақшаңыз қалай, әріптес?


Биылғы жылы Қазақ елі тәуелсіздіктің 25 жылдығын мерекелеуде. Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына орай №6 гимназияда әр түрлі айтулы іс-шаралар өткізілуде. Солардың бірі – 2016 жылдың 15 –желтоқсаны күні қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының ұйымдастыруымен өткізілген «Қазақшаңыз қалай, әріптес?» атты сайыс. Аталған сайыс мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейтіп, мәртебесін арттыру мақсатында өткізілді.

Сайыс кезінде гимназия қабырғасында өткізілген «Ұлы дала дауысы» патриоттық әндер сайысының жеңімпаздары өз өнерлерін паш етті.

Сайысқа қатысқан ұстаздарымыз: Шилова – Горлова Г.А., Гробовикова Т.В., Лыткин В.Н., Науменко Р.Н., ПроскуринаО.А.Сайысқа қатысушылар бес кезең бойынша сайысқа түсті. Сайыс барысында қатысушылар өздерін мемлекеттік тілде таныстырды, жағдаяттардан шыға білді  және өз өнерлерін көрсетіп, Қазақстан тарихы мен қазақ халқының салт-дәстүрлерінен, ұлттық тағамдарынан хабардар екендіктерін дәлелдей түсті. Аталмыш сайыста бас жүлдені жеңіп алған- Шилова – Горлова Г.А., 1-орын, Проскурина О.А.  «Өнегелі ұстаз» номинациясына – Гробовикова Т.В., «Өнерлі жан» – Лыткин В.Н., «Шығармашыл ұстаз» номинациясына ие болған – Науменко Р.Н.

Сайыс соңында гимназия директорына, келген қонақтарға сөз берілді. «Нұр Отан» ұйымының  ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі Төлеуханов Айдос Әбілғазыұлы өз сөзінде барша қауымды айтулы мерекемен құттықтап, қатысушыларға алғысын білдіріп, іс-шараның жоғарғы деңгейде өткендігін атап өтті. Гимназия директоры Ахметова Майра Ғаббасқызы да келген қонақтарға зор ықыласын білдіріп, қатысушыларға, ұйымдастырушы қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының бірлестік жетекшісі А.Р. Шакеноваға,  сайысқа қатысушылардың дайындықтарына үлестерін қосқан кафедра ұстаздары: Шынтемір М.Д., Базыкенова И.М., Раева Н.А., Әділбекова Т.С., Жакупова Қ.О., Масалимова Б.Е., Манатова С.Б., Берікханова Б.Н., Мұқашева А.Н.алғысын айтты.

Сөз соңында айтарымыз, көк байрағы желбіреген, әнұраны шалықтаған, бірлігі жарасқан еліміздің тәуелсіздігі баянды болғай!

 

Бірлестік жетекшісі:   Шакенова А.Р.

Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Шынтемір М.Д.

img_5817

img_5872

img_5885

img_5908

img_5931

img_5943

img_5958

img_5965