Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру


Елбасының  мақаласында қазіргі Қазақстанның басты рухани құндылықтары айқын көрініс тапқан. Бұл – мақала ғана емес, мазмұны терең, ауқымы өте кең, ұлт руханиятын ХХІ ғасыр биігіне көтеретін рухани жаңғыру бағдарламасы деуге болады. 

Елбасы рухани жаңғырудағы ұлттық сананың рөліне баса назар аударып, бірнеше міндеттерді айқындап берді.Елбасы  аталған мақаладан жаңаша бастау алатын«Туған елге» ұласатын «Туған жер» бағдарламасын қолға алуды ұсынып отыр. Әрбір азаматтың өзінің туған жерінің гүлденуі үшін нақты үлес қосуға үндейді.Жас буын өкілдері халықтың игі дәстүрінен тәлім алып, елжандылық, патриоттық қасиеттерді бойына сіңіріп өсу үшін нақ осындай бағдардың маңыздылығы зор.

Біз Елбасы мақаласын оқып, осындай терең ой түйдік. Еліміздің ұлттық білім беру жүйесінде «Қазақстандық патриотизм» ұғымы қолданылып келеді. «Қазақстандық патриотизм» арқылы Отан, туған жер, ел, атамекен, туған өлке туралы түсініктер оқу- тәрбие үрдісінде, сабақтан тыс іс- шараларда Отансүйгіштік сезімді дамытуға, ұлттық салт- дәстүрді сақтау, мемлекеттік рәміздерді құрметтеу сияқты сезімдерді оқушылар бойында қалыптастыру жүзеге асырылады.

Осындай мақсаттарды жүзеге асыруға байланысты гимназиямыздың қабырғасында қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасында «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында апталықтың іс-шаралар жоспары бекітілді.  Жоспарға сай:

  • 5-сынып оқушыларына «Алаш қозғалысына 100 жыл» атты саяхат, ұйымдастырушылар – Раева Н.А., Масалимова Б.Е.,
  • «Мен – Тәуелсіздіктің төл ұрпағымын» атты сурет байқауы,3 және 4-сынып оқушыларына, ұйымдастырушы- қазақ тілі пәні мұғалімдері.
  • 8-сынып оқушыларына «1-желтоқсан – Қазақстан мемлекетінің Тұңғыш Президенті күні» атты кездесу ұйымдастырылды. Ұйымдастырушы –Адилбаева Т.С
  • «Тәуелсіздік-өркениет кепілі»-дөңгелек үстел.(10-сынып оқушылары).Ұйымдастырушы-Мусина Ш.Б. Іс -шара соңында .10-сынып оқушысы Можиков Алинұр өзі шығарған «Қайрат Рысқұлбеков- мәңгі есімізде!» атты өлеңімен көрермендерді тәнті етті.
  • «Сыр-сұхбат» атты тұрғылықты жердің танымал адамдарымен кездесу .

Кафедра жетекшісі Шакенова А.Р

  • «Туған елім!» атты мәнерлеп оқу сайысы өтті. (5-6 сынып оқушылары)  Ұйымдастырушылар – Шынтемір М.Д.,  Раева Н.А., Масалимова Б.Е.
  • «Қазақстан – рухани жаңғыру жолында» атты мектеп ұстаздарына конференция да өткізілген болатын. Конференцияға  Семей қаласының «Нұр Отан» партия филиалының ұйымдастыру-бақылау бөлімінің меңгерушісі Толеуханов Айдос Абылгазинович,саясаттану ғылымдарының докторы, доцент, ҚазИГЗУ заң факультетінің деканы Уранхаева Гульмира Тельмановна шақырылды.

«Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру»атты конференцияда келесі баяндамалар болды:

  • Оқушылардың рухани құндылықтарын қалыптастыру – ұлттық бірегейлікті сақтаудың басты тұғыры» атты тақырыпта гимназия директоры Ахметова М.Ғ .
  • «Взгляд в будущее: модернизация общественного сознания» атты тақырыпта Уранхаева Г.Т.
  • «Бәсекеге қабілеттілік» тақырыбында Төлеуханов А.А.
  • «Прагматизм» тақырыбында Даутбаев Р.Р.
  • «Латын әліпбиі» атты тақырыпта Шөкенов Е.С.

Конференция соңында ««Еркін микрофон» әдісі  арқылы гимназия мұғалімдері  өз ойларымен бөлісіп,конференция өз мәресіне жетті.

Ұйымдастырылған іс-шаралардың барлығы Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасын насихаттауға бағытталды. «Мәңгілік Ел»- ата- бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы. Ол арман- тұрмысы бақуатты, түтіні түзу ұшқан, ұрпағы ертеңіне сеніммен қарайтын бақытты Ел болу. Елдігіміз танылып, атымыз шартарапқа таралып жатқан кезімізде, еліміздің өткенін, өшкенін жаңғырту әр азаматтың қасиетті борышы Патриотизм кіндік қаның тамған жеріңе, өскен ауылыңа, қалаң мен өңіріңе деген сүйіспеншіліктен басталады.Сол себепті мен «Туған жер» бағдарламасын қолға алуды ұсынамын»,- дегені жастарды патриоттық рухта тәрбиелеу ісінде баға жетпес ұсыныс.

Қазақ «Отан отбасынан басталады» дейді. Отанды сүюдің іргетасы алдымен туған жерге деген сүйіспеншілікпен қаланады. Сондықтан мемлекет басшысы ұсынып отырған «Туған жер» бағдарламасын көп болып қолдауымыз керек.Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы- қоғам дамуына тың серпін беріп, барша қазақстандықтардың жаппай қолдауына ие болар тарихи бастама. Бұл игі бастаманы ел ішінде насихаттап, лайықты жүзеге асыру- баршамыздың міндетіміз.Іс-шаралардың түгелі дерлік гимназиямыздың қабырғасындағы «Мәңгілік Ел» кабинетінде,қазақ тілі мен әдебиет кафедрасының ұйымдастыруымен өткізілгендігін айта кеткіміз келеді.

Қазақстанымыздың барша бастамалары жемісті болып, туған Жеріміз, Еліміз – Қазақстан гүлденіп, көркейе берсін!

 

Қазақ тілі мен әдебиет кафедрасы жетекшісі Шакенова А.Р