«Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі ілім біл»


Қазан айының 3-жұлдызында №6 гимназияның қабырғасында, 2-сыныптар арасында «Үштілділік – заман талабы» тақырыбында  «Мәңгілік ел» кабинетінде «Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі ілім біл» атты зияткерлік сайыс өткізілді. Ұйымдастырушы: қазақ тілі пәнінің мұғалімдері С.Б.Манатова., Б.Н.Берикханова., И.М.Базыкенова., Қ.О.Жакупова. Бұл сайысқа әр сыныптан төрт оқушыдан тұратын бес топ қатысты. Өткізілген сайыс 6 кезеңді қамтыды.

І кезең – «Сәлем –  сөздің анасы»

ІІкезең     – «Аламан бәйге»

ІІІ кезең     – «Жеті жұрттың тілін біл»

ІҮ кезең   – «Әдебиет әлемінде»

Үкезең    – «Мақал- мәтел сайысы »

ҮІ кезең   – «Топбасшылар» сайысы

Сайыс барысында әр топ өздерін таныстырып, өзара үш тілде мақал-мәтелдермен жарысты, қазақша, орысша және ағылшын тілдерінде өлеңдерін мәнерлеп оқыды, сұрақтарға жауап беріп, әр топ басшы өзінің шешендік өнерімен паш етті. Бұл мерекеде №6 гимназия директоры М.Ғ.Ахметова, қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының меңгерушісі А.Р.Шакенова,  қазақ тілі пәні мұғалімдері бастауыш сынып оқушыларының сынып жетекшілері болды. Топтар номинациялар бойынша марапатталып, сыйлықтармен бағаланды. «Ең үлгілі топ» номинациясын 2 «Г» сынып оқушыларының «Барыс» тобы,  «Ең ұйымшыл топ» – 2 «В» сыныбының «Тұлпар» тобы ұтып алды. «Ең белсенді топ» -2 «Б» сыныбының «Болашақ» тобы, «Ең тапқыр топ» – 2 «Д»сыныбының «Қырандар» тобы, «Ең ақылды топ» -2 «Е» сыныбының «Жұлдыздар» топтары иеленді. Осы мерекеге ат салысып, белсенділік көрсеткен 4 «Г» мен 2 «В» сынып оқушылары алғыс хаттармен марапатталды.

img-20161005-wa0009 img-20161005-wa0011