Ғылым күні (мақала)


гкк1гкк2

2013 жылғы 12 сәуірде Семей қ. № 6 гимназия мектебінде Ғылым күні өткізілді, гимназия оқушылары ғылымның салалары бойынша өздерінің ғылыми жобаларын қорғады. Семей қ. ҚЗТҚО қызметкерлері 20 жыл бойы тарих, өлкетану және археология секциясының белсенді жюри мүшелері.

Ғылым күнінің 20-жылдық мерейтойында ҚЗТҚО мұрағатшылары Т.О.Түсінбаева және Л.Қ.Қадырова қазақ тілі мен тарих, құқық, өлкетану секциясының жюри мүшелері болып сайланды.

гкк3гкк4Тарих, құқық және өлкетану секциясының жетекшілері Елена Николаевна Помозова, Елена Семёновна Трунова, Рафаэль Рулланович Даутбаев секцияға қатысушыларды Ғылым күнімен құттықтап, оларға жаңа шығармашылық табыс тіледі. Тарих, құқық және өлкетану секциясының қатысушылары — № 6 гимназияның 4-11 сынып оқушылары.
Үздік жұмыстар «Қашан бір бала ғылым, білімді махаббатпенен көксерлік болса, сонда ғана оның аты адам болады» деген Абай сөздері жазылған грамоталармен, алғыс хаттармен марапатталды.

Интернет желісі :zdnivko-Semey@nur.kz