Тіл апталығы — 2015


 «Тіл мәртебесі – ел мәртебесі», «Үштілділік – заман талабы» атты тіл апталығына арналған іс-шараның жоспары.

Тақырыбы Мерзімі Сыныбы Өтетін орны. Нешінші сабақ Жауапты мұғалім.
1. «Тіл мәртебесі – ел мәртебесі»

(көрме)

21.09-26.09 2-ғим.1-қаб. Фойе. Берикханова Б.Н
1-ғим. Кітапхана. Жаксыбаева К.К

Погорелова М.И

2. Мемлекеттік нышандар.

(Сабақтан тыс шара).

21.09

22.09

1 «Г».

1 «Д».

2-саб.

3-саб.

Манатова С.Б

Жакупова Қ.О

3. «Атадан қалған асыл сөз»

(Зияткерлік ойын).

23.09 11кл 3-саб. Шөкенов Е. С
4. «Тіл – менің тағдырым»

(Үш тілде өткізілетін дөңгелек үстел).

23.09 11«А»,«В». 3-саб. Мусина Ш.Б
5. «Тілге құрмет – елге құрмет»

(Зияткерлік ойын.)

23.09 6 «А». 3-4 саб. Аязбаева Ж.М

Жанатқалиқызы А

6. «Тіл тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз»(Зияткерлік ойын). 25.09 8-9. 6-саб. Қасымова Ж.М
7. «Тіл – ұлттың жаны»

(Зияткерлік ойын).

25.09 4кл 3-саб. Рақымбаева А.М

Базыкенова И.М

8. «Өлмейтұғын артына сөз қалдырған».

(Абайдың 170 жылдығына арналған сабақтан тыс шара).

26.09 3 «Г». 1-саб. Берикханова Б.Н
9. Ұлылар мекені.(Сабақтан тыс шара). 26.09 7кл Жунусова С.Ө
10. Абай –дана, Абай – дара қазақта.

(Абайдың 170 жылдығына арналған әдеби кеш).

26.09 9-11. 6-саб. Шакенова А.Р

Раева Н.А

  

Қазақстан халқының тілдер күні мерекесі қарсаңында өткізілетін «Тілдер шеруі» айлығының іс-шаралар:

«Тіл мәртебесі- ел мәртебесі»

Тіл халықпен бірге туып, бірге жасайды,  сондықтан да әр-бір тіл өз елі үшін анадай ардақты. «Түгел сөздің түбі бір, түп атасы Майқы би» деп Майқы бабамыз айтып кеткендей әр тілдің өз мемлекетінде алатын маңызы зор. Оларды бір-бірімен жарыстыруға, бәсекеге түсіруге болмайды деп білеміз. Өйткені әр тілдің өз даму тарихы, басынан өткерген тарихи оқиғалары болады. Кез-келген тіл өзінше қасиетті, өзінше құдіретті.  Десек те, «ана тілің алпыс тілге татиды » дегендей әр халық өз тілін құрметтеп, ардақтауы тиіс.

Қырық рулы қазақ елі тілі, діні, ділі бір ұлт болып Ұлы даланы ғасырлар бойы ұрпақтан ұрпаққа жалғастырып, асқан мәрттікпен иемденіп келеді. Қазақ елі егемендігін алғаннан бері тіл мәселесіне көп көңіл бөлінді. Өз ана тілімізді қорғайтын «Тіл туралы заң» қабылданды. Халқымыз әр жыл сайын тілдер мерекесін атап өтетін болды. Осындай іс-шара Семей қаласының №6 гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдерінің бастауымен өткізілді. Тілдер апталығының тақырыбы «Тіл мәртебесі-ел мәртебесі» деп аталды.Аптаның бірінші күнінен бастап «Тіл мәртебесі – ел мәртебесі» деген атпен көрме ұйымдастырылды.Көрмеге жауапты мұғалім Берикханова Б.Н және кітапханашылар: Жаксыбаева К.К, Погарелова М.И болды. Осы тақырып аясында «қазақ тілі кафедрасының» ұстаздары бір апта бойы  оқушылармен жұмыс жасап, оларға өзге тілдің бәрін білу керектігін, бірақ ана тіліңді құрметтеп, мемлекеттік тілді қастерлеу керектігін ашық-тәрбие сағаттарында айтып түсіндірді, олардың қазақ тіліне деген  сүйіспеншіліктерін арттырып, патриоттық сезімдерін ояту мақсатында аянбай тер төкті. Орыс сыныптары түгелдей қазақша сөйлеуге тырысты. Атап айтсақ мынадай мұғалімдер тіл апталығында жүйелі де,тәрбиелік мәні зор жұмыс жасады. Шакенова А.Р, Раева Н.А «Абай –дана, Абай – дара қазақта»(Абайдың 170 жылдығына арналған әдеби кеш). Мусина Ш.Б. «Тіл – менің тағдырым»(Үш тілде өткізілетін дөңгелек үстел). Шөкенов Е. С «Атадан қалған асыл сөз» (ашық сабақ). Жунусова С.Ө. «Ұлылар мекені»(Сабақтан тыс шара). Рақымбаева А.М, Базыкенова И.М «Тіл – ұлттың жаны»(Зияткерлік ойын). Қасымова Ж. М «Тіл тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз» (Зияткерлік ойын), Манатова С.Б, Жакупова Қ.О. «Мемлекеттік нышандар»(Сабақтан тыс шара). Аязбаева Ж.М. Жанатқалиқызы А «Тілге құрмет – елге құрмет»(Зияткерлік ойын), Берикханова Б.Н. «Өлмейтұғын артына сөз қалдырған».(Абайдың 170 жылдығына арналған сабақтан тыс шара). Өткізілген іс-шараның нәтижесі ойдағыдай болды. Біздің мақсатымыз оқушылардың қазақ тіліне деген жанашырлығын күшейту еді. Қойылған мақсатқа түбегейлі жеттік деп ойлаймыз.

Егеменді ел болғандағы ұлы мақсаттарымыздың бірі қазақ халқының ұлттық құндылығының жоғары болуы еді. Ендеше осы мақсатта ары қарай жұмыс жасау барлық қазақстандықтардың міндеті екенін әр-бір тұлға ұмытпаса иги еді. Кемеңгер Абайдың «әкеңнің баласы болма, адамның баласы бол»  деуі осында.

Қазақ тілі мен әдебиет кафедрасы

[su_custom_gallery source=»media: 8637,8638,8639,8640,8641,8642,8643,8644,8645,8646,8647,8648,8649,8650,8651,8652,8653,8654,8655,8656,8657″ link=»lightbox» title=»never»]