Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл толу қарсаңында 2016 жылдың 13 – желтоқсанында №6 гимназияда Республикалық Бірыңғай «Жас Ұлан » балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау өтті. Ұйымға қалалық, облыстық, республикалық деңгейде түрлі олимпиадалардың жеңімпаздары мен гимназияның ең белсенді оқушылары қабылданды.
«Жас Ұлан» қатарына 40 оқушы , «Жас Қыран » қатарына 40 оқушы , барлығы 80 оқушы ұйым мүшелері атанды.
Әр оқушыға значок пен галстуктер тағылып, ата-аналар мен мұғалімдер де белсене ат салысты, патриоттық әндер шырқалды.
Ұйым қатарына қабылданған барлық оқушыларға мықты денсаулық, оқуда озат болып, өз Отанының адал азаматы болуларына тілектеспіз.