«Өнегелі өмір – өшпес мұра» – іс-шара


Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы аясында «Семей қаласының № 6 гимназиясы» КММ 5 «А», 5 «Ә» сыныптарының оқушылары «Өнегелі өмір – өшпес мұра» атты сыр-сұхбат өткізді. Сыр-сұхбатқа            ҚазИГЗУ философия және саясаттану кафедрасының меңгерушісі, философия ғылымдарының кандидаты, профессор Түйебаев Махмұт Мамырбекұлы шақырылды. Іс-шара басында гимназия директоры М.Ғ.Ахметова сөз алып, жас ұрпақтың бойына ұлттық құндылықтарды сіңіріп, оларды отансүйгіштікке, қазақстандық патриотизмге, толеранттылыққа тәрбиелеудің маңызын атап өтті. Read more…

««Мәңгілік Ел» патриоттық актісі – Қазақстан халықтарының рухани келісімінің негізі»


Қазанның 12 жұлдызында Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына орай №6 гимназияның  «Мәңгілік Ел» кабинетінде ««Мәңгілік Ел» патриоттық актісі – Қазақстан халықтарының рухани келісімінің негізі» атты дөңгелек үстел өтті.

Мақсаты: «Мәңгілік Ел» идеясының маңызын түсіндіру, патриоттық сезімді нығайту.

Іс-шараға Қазақстан Халқы Ассамблеясының мүшесі, Халықаралық қазақ тілі қоғамының вице-президенті : Шәріпбаев Орал Тоқтарұлы, «Нұр Отан » ұйымының ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі: Төлеуханов Айдос Әбілғазыұлы және №6 гимназияның  директоры Ахметова Майра Ғаббасқызы, тарих пәнінің мұғалімі Даутбаев Рафаель Ролланович, қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының мұғалімдері мен жоғарғы сынып оқушылары қатысты.  Дөңгелек үстелде  «Мәңгілік Ел» патриоттық актісі құжатының жеті қағидасы бойынша сөз қозғалып, келген қонақтар өз ойларымен  бөлісті.  Болып жатқан іс-шараның көркін 4-сынып оқушылары Смагулова Камилла мен Асылбекова Ақбота  өздерніңі «Туған жерім тамаша» атты әндерімен ажарландыра түсті. Ал осы сыныптың басқа оқушыларының мәнерлеп айтқан үш тілдегі өлеңдері, отырған қауымның патриоттық сезімін нығайтуға үлкен септігін тигізді. Дөңгелек үстел жоғары деңгейде өтті.

img_3570 img_3580 img_3583 img_3584 img_3595

 

12 октября в стенах гимназии №6 г. Семей прошел круглый стол под названием «Патриотический акт «Мәңгілік Ел» — основа духовного согласия народов Казахстана».

Цель  собрания: объяснить присутствующим  значение идеи «Мәңгілік Ел», привить патриотические чувства к Родине.

Гостями этого мероприятия были : Вице – президент международного общества «Қазақ тілі», член Ассамблеи Народов Казахстана  Шәріпбаев О.Т. , член партии «Нұр Отан» Толеуханов А. Ә.

За круглым столом в месте с гостями участвовали директор гимназии №6 Ахметова М.Г. , учитель истории Даутбаев Р.Р., учителя казахского языка и литературы и ученики старших классов.  Велась беседа о значимости идеи «Мәнгілік Ел» .

Разнобразили собрание своими выступлениями ученики 4 класса  гимназии №6, которые на трех языках читали стихи про Родину, также  выступали  ученицы 4 класса Смагулова Камила и Асылбекова Акбота с песней «Туған жерім тамаша».

Круглый стол прошел на высшем уровне. Гости остались довольны.

«Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі ілім біл»


Қазан айының 3-жұлдызында №6 гимназияның қабырғасында, 2-сыныптар арасында «Үштілділік – заман талабы» тақырыбында  «Мәңгілік ел» кабинетінде «Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі ілім біл» атты зияткерлік сайыс өткізілді. Ұйымдастырушы: қазақ тілі пәнінің мұғалімдері С.Б.Манатова., Б.Н.Берикханова., И.М.Базыкенова., Қ.О.Жакупова. Бұл сайысқа әр сыныптан төрт оқушыдан тұратын бес топ қатысты. Өткізілген сайыс 6 кезеңді қамтыды.

І кезең – «Сәлем —  сөздің анасы»

ІІкезең     — «Аламан бәйге»

ІІІ кезең     — «Жеті жұрттың тілін біл»

ІҮ кезең   — «Әдебиет әлемінде»

Үкезең    — «Мақал- мәтел сайысы »

ҮІ кезең   — «Топбасшылар» сайысы

Сайыс барысында әр топ өздерін таныстырып, өзара үш тілде мақал-мәтелдермен жарысты, қазақша, орысша және ағылшын тілдерінде өлеңдерін мәнерлеп оқыды, сұрақтарға жауап беріп, әр топ басшы өзінің шешендік өнерімен паш етті. Бұл мерекеде №6 гимназия директоры М.Ғ.Ахметова, қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының меңгерушісі А.Р.Шакенова,  қазақ тілі пәні мұғалімдері бастауыш сынып оқушыларының сынып жетекшілері болды. Топтар номинациялар бойынша марапатталып, сыйлықтармен бағаланды. «Ең үлгілі топ» номинациясын 2 «Г» сынып оқушыларының «Барыс» тобы,  «Ең ұйымшыл топ» — 2 «В» сыныбының «Тұлпар» тобы ұтып алды. «Ең белсенді топ» -2 «Б» сыныбының «Болашақ» тобы, «Ең тапқыр топ» — 2 «Д»сыныбының «Қырандар» тобы, «Ең ақылды топ» -2 «Е» сыныбының «Жұлдыздар» топтары иеленді. Осы мерекеге ат салысып, белсенділік көрсеткен 4 «Г» мен 2 «В» сынып оқушылары алғыс хаттармен марапатталды.

img-20161005-wa0009 img-20161005-wa0011

«МӘҢГІЛІК ЕЛ-МӘҢГІЛІК ТІЛ»


Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында 14 желтоқсан күні Семей қаласының №6 гимназиясында  қазақ тілі мен әдебиет кафедрасының ұйымдастыруымен «Мәңгілік Ел-Мәңгілік Тіл» атты ауқымды іс-шара өтті.Іс шара барысында : «Қазақ хандығының 550 жылдығы», «Ата Заңымыздың 20 жылдығы», «Қазақстан халқы ассамблеясының 20 жылдығы», «Үштілділік» тақырыптары қамтылды.Гимназияның 10-11 сынып  оқушылары «Көшпенділер» трилогиясы бойынша сахналық қойылымды жоғары шеберлікпен көрсетсе,5,6- сынып оқушылары әр ұлт өкілдерін бір шаңырақ астында тату-тәтті тұрып жатқанын көрсетіп,өлеңдерін мәнерлеп айтса,7,8- сынып оқушылары үштілікке байланысты «Қазақстан»жайлы өз шығармашылықтарымен сусындатты.Осы шараға бастауыш буын сынып оқушылары да өнерлерін көрсетіп,өзге ұлт өкілдері қазақ тілінде әндер орындады. Read more…